Алтынбек Ұтысханұлы бастаған делегация Жылыой ауданына барды (+ФОТО)

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы бастаған делегация Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Дархан дала» отандық рухани туризм аясында Жылыой ауданына жұмыс сапарымен барды.

Сапар аясында Төкен Танаұлы, Ілия Жақанов сынды ел ағалары жергілікті тұрғындармен кездесті. Кездесу аясында тарихи орындарға мінәжат ету тәртібі, тарихи орындарды ұлықтау арқылы, туризмді дамыту тақырыптары қозғалды.

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мүфтият бекіткен «Дархан дала» жобасының мәні туралы айтты.

«Дархан дала жобасы – халқымыздың тарихын, тарихи тұлғаларын ұлықтауға арналған. Біз зиярат етудің өзіндік тәртібі бар екенін ұмытпауымыз керек. Жалпы, әр өңірде үлкен тарихи орындар жетерлік. Ақмешіт және Құлшан ата жерасты тарихи мешіттері үлкен тарихы бар. Біз осындай тарихтың өнегесін жас ұрпаққа насихаттау маңызды» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.