Атырау қалалық «Амангелді Иман» мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.
Шарада 100 оқушыға мектепке қажетті оқу құралдары табыс етілді. Іс-шараға арнайы қатысқан Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы бүлдіршіндерге бата берді.
«Білімді, саналы ұрпақ өз елінің шынайы патриоты, жақсы мен жаманды айыра алатын тұлға болып қалыптасады. Тәуелсіз елімізде алаңсыз білім алуларыңыз үшін мектептер салынып, білім, өнер орталықтары қызмет етуде» деген Бас имам бүлдіршіндерді оқуда озат болуға, әркез ізденуге шақырды.
«Амангелді Иман» мешітінің имамы Назарбай Абдураманов қайырымдылық аясында жәрдем берген жандарға алғасын білдірді.
Еске сала кетсек «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы еліміздің барлық мешіттерінде өтуде
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.