Мақат мешіті 30 балаға оқу құралдарын табыс етті

Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында, Мақат аудандық орталық мешіті 30 балаға оқу құралдарын табыс етті.

Оқушы сөмкесі мен оқу құралдары салынған сыйлықтарды көп балалы отбасынан шыққан балаларға Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов тапсырды.

«Оқу – инемен құдық қазғандай» деген сөз бар. Біз балаларымыздың жан-жақты білім алуына ықпал етуіміз керек» деді Мақат аудандық орталық мешітінің бас имамы Біләл Сағындықов.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.