Атырауда Жұлдыз мешітінде жазғы сауат ашу курсы аяқталды

Атырауда Жұлдыз ықшамауданында орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасұлы мешітінде «Имани жаз» сауат ашу курсы қорытындыланды.

Жазғы сауат ашу курсында 25 қыз бала дәріс алып, оның ішінде 20 шәкірт Құранға түсті.

«Жазғы лагерь аяқталғанымен, білімін әрі қарай жалғастырғысы келетін шәкірттеріміз бар. Сондықтан, ұстаздарымыз білім беруді жалғастырады» дейді Қажымұқан Мұңайтпасұлы мешітінің имамы Айтжан Әбдіров.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.