Атырауда «Мәулімберген» мешіті 25 отбасына қаржылай көмек көрсетті

«Мектепке жол» акциясы аясында Атырау қаласының Тасқала ауылындағы «Мәулімберген» мешітінде қайырымдылық акциясы өтті.

Іс-шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен 25 отбасына 250 мың теңге көлемінде қаржылай көмек берілді.

Сондай ақ, 10 балаға сөмке,  оқу құралдары және 6 балаға спорт киімдері табыс етілді.

Еске сала кетелік, тамыз айынан бері еліміздің барлық мешіттерінде республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына киім-кешек, оқу құралдары және қаржылай көмек берілуде.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.