«Аманкелді» балық өнімдері сауда белгісімен өнім шығарып жатқан кәсіпорынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының халал стандарт сертификатын табыс етті.
Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Атырау қаласы, Промышленная зона, Южный 29 мекен-жайында орналасқан «Аманкелді» атындағы ЖШС-нің Балық өнімдерінің жауаптысы
Сара Абуқызына жаңартылған ҚМДБ Халал сертификатын табыстады.
Сертификат «Аманкелді» балық өнімдері, халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар ЖШС СТ 96090-1-2021 стандартына сай екендігін растайды» делінген сертификатта.
Сертификаттың мерзімі 18.09.2023 дейін жарамды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.