Атырауда «Аманкелді» балық өнімдері халал сертификатын алды

«Аманкелді» балық өнімдері сауда белгісімен өнім шығарып жатқан кәсіпорынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының халал стандарт сертификатын табыс етті.

Атырау облысының Бас имамы  Алтынбек Ұтысханұлы Атырау қаласы, Промышленная зона, Южный 29 мекен-жайында орналасқан  «Аманкелді» атындағы ЖШС-нің Балық өнімдерінің  жауаптысы
  Сара Абуқызына жаңартылған ҚМДБ Халал сертификатын табыстады.

Сертификат «Аманкелді» балық өнімдері, халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар  ЖШС СТ 96090-1-2021 стандартына сай екендігін растайды» делінген сертификатта.

Сертификаттың  мерзімі  18.09.2023 дейін жарамды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.