Атырауда «Анашым» мешітінің ұйымдастыруымен сиыр малы құрбандыққа шалынды.
Құрбан малының еті 24 отбасыға таратылды. Қайырымдылық шарасы әлеуметтік жағдайы төмен шаңырақтарды қамтыды.
«Халқымызда «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген сөз бар. Қайырымдылық қасиет қоғамды біріктіре түседі» дейді «Анашым» мешітінің имамы Айдын Серікбаев.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі