Атырау селолық мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

Атырау селолық мешітінде өткен қайырымдылық шарасы 12 отбасын қамтыды.

Әлеуметтік жағдайы төмен шаңырақтар қамтылған шарада әр отбасына әрқайсысы 30 келі болатын бірінші қажеттіліктегі азық-түлік салынған пакеттер таратылды.

«Қайырымдылық – атадан бабаға жалғасып келе жатқан ізгі қасиет. Бұл бағыттағы шаралар жалғасады» дейді ұйымдастырушылар.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.