Атыраудан 30 адам қажылыққа аттанады

Атырау облысы бойынша биыл 30 адам қасиетті сапарға аттанғалы отыр.

Атырау облыстық «Иманғали» мешіті қажылық сапарға шыққалы отырған атыраулықтарға құрмет көрсетті.

Жиын барысында Атырау облысы орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Арман Исаев қажылық сапардың нығметі туралы насихат айтты.

«Қажылық – ислам діні бес негізінің бірі. Қажылық, хаж жасау – мұсылманның бес парызының бірі. Қажылық ғибадатын адал еңбекпен тапқан қаржымен орындау маңызды» деп атап өтті ұстаз Арман Исаев.

Еске сала кетелік, Қазақстан қажылық миссиясы тарапынан биыл 4000 қажылық орын алынып отыр. Қажыларды қасиетті сапарға тасымалдауды отандық «Air Astana» және «SCAT» әуе компаниялары және Сауд Арабиясы тарапынан «FlyNas» әуе компаниясы жүзеге асырады.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.