Атырауда «Мәулімберген» мешіті жастарға құрмет көрсетті

Атырау қалалық мешіттер жамағаты арасында волейбол ойнынан жүлделі І орынды иеленген «Мәулімберген» мешіті жамағатына құрмет көрсетілді.

«Мәулімберген» мешітінде насихат айтылып, аталған мешіт имамы Мақсот Бағытжанов жастарды жеңіспен құттықтады.

«Спорт – денсаулық кепілі. Біздің мақсатымыз – жастар арасындп салауатты өмір салтын дәріптеу, жамағат арасындағы бірлікті насихаттау» дейді ұстаз Мақсот Бағытжанов.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.