Атырау қаласы, Тасқала ауылындағы «Мәулімберген» мешітіне Смадияр Жәйәділов бастаған ақсақалдар келді.
Олар мешіттің тыныс-тіршілігімен танысып, қазіргі уақытта жасақталып жатқан кітапхананың жұмысымен танысты.
«Мешіт – руханияттың ордасы, сонымен бірге, үлкен тәрбие ошағы. Мешітке құлшылық жасауға келген жамағатқа жақсылыққа, ізгілікке үндейтін уағыздар айтумен бірге, білім алуға үндеп отырамыз. Қазіргі таңда мешіт жанынан кітапхана жасақталуда. Кітап қорын діни, рухани еңбектермен бірге, классик ақын-жазушыларымыздың шығармаларымен де толықтыру жоспарда» деп атап өтті «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.