Атырауда «Әсем әжелер» алқасы құрылды

Атырауда Тасқала ауылындағы «Мәулімберген» мешіті жанынан «Әсем әжелер» алқасы құрылды.

Әжелер алқасы жастармен бірлесіп, ұрпақ тәрбиесі, отбасы құндылықтары, қоғам тыныштығы бағыттарында жұмыс атқаратын болады.

Сонымен бірге, «Мәулімберген» мешітінің ұстазы Ардақ Сайынқызына шәкірттері кіші қажылыққа жолдама табыс етті. Бүгінде ұстаз Ардақ Сайынқызы жүздеген шәкірттерге Құран сабағынан дәріс беріп, тәлімгерлік етіп келеді.