Атырауда Әт – Тақуа мешіті қайырымдылыққа үлес қосты

amin.kz/25 наурыз, 2020 жыл. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен елордада жүзеге асып жатқан “Қайырымдылық керуені” жобасына Атыраудағы Әт-Тақуа мешіті де үлес қосты.


Аталмыш мешіттің имамы Өсімхан Тілеуовтің бастамасымен бір топ жастар әлеуметтік жағдайы төмен төрт отбасына азық үлестірді.
“Адамзаттың ұстазы болған Мұхаммед (с.ғ.с) Пайғамбардың өзі: «Адамдардың ең қайырлысы ол өзгеге пайдасы тигені» деген. Құранның өзінде: «Жақсылыққа жарысыңдар…» делінген. Өйткені, Алла Тағала адамды жақсылық жасауға бейімдеп әу баста фитратпен жаратқан” дейді Әт-Тақуа мешітінің имамы Өсімхан Тілеуов.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.