amin.kz/2сәуір, 2020 жыл. Бұған дейін хабарланғанындай, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен еліміздегі мешіттердің барлығы төтенше жағдайға байланысты күшейтілген санитарлық режимге көшкені белгілі.
Жуырда Атырау қаласындағы Әт-Тақуа мешітіне күрделі дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Сонымен бірге мешіт ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өтті.
«Түрлі қиындықтарды бастан өткерген халқымыз қашанда жақсылықтан үміт үзбеген. Біз мешітімізді қасиетті Рамазан айына дайындап жатырмыз. Алла Тағала Рамазан айында Тарауық намаздарын жамағатпен бірге оқып, жұма намаздарына жиналуымызды нәсіп еткей» деді Әт-Тақуа мешітінің имамы Өсімхан Аманбайұлы.
Бүгінгі таңда Атырау мешіттері қызметкерлері онлайн форматтағы жұмыс кестесіне көшті.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.