#Бізбіргеміз: Атырау облысының Бас имамы кәсіпкерлерді шынайы қамқорлық жасауға шақырды ( +ВИДЕО)

amin.kz/1 сәуір, 2020 жыл.  Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы кәсіпкерлерді осынау сын сағатта мейілінше жақсылыққа, қайырымдылыққа жақын болуға шақырды.

«Қазіргі ел басына туып жатқан қиын сәттерді қалта қамы үшін пайдаланатындар табылуы мүмкін.

Біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастап, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы қостап үндегендей бірлікте бола білуіміз керек.

Осындайда бірге екенімізді іспен дәлелдегеніміз абзал.

Бір бірімізге қайырымдылық жасайық. Бағаны шарықтатпайық. Шынайы бауырмалдық танытайық!

Бес күндік жалған пәниде арымызды, адамгершілігімізді жоғалтпай, керісінше иманымызды арттырып, ақыретімізге қам жасайық» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы кәсіпкерлерге Үндеуінде.