КАРАНТИН: Жылыой орталық мешітіне дезинфекция жасалды (+ ВИДЕО)

 amin.kz/1 сәуір, 2020 жыл. Жылыой ауданынының орталық мешітіне күрделі дезинфекциялық жұмыстары жүргізілді. Ондағы мақсат – әлемді алаңдатып отырған қауіпті дерттің кеңінен тарап кетуінің алдын алу.

Еске сала кетелік, елімізде 16 наурыздан бастап төтенше жағдай енгізілді. Бүгінгі таңда Атырау қаласында карантин жарияланып, арнайы блок посттар орнатылды.

Бұған дейін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен еліміздегі мешіттердің күшейтілген санитарлық режимге көшті. Және Қазақстанда, сонымен бірге әлемнің көптеген мұсылман мемлекеттерінде жұма намазын мешіттерде оқу уақытша тоқтатылды.

Қазіргі қауіпті дерттен көз жұмған қазақстандықтардың саны 3 адамға жетті. Ал, ел бойынша 369 адам аурухана керуетіне таңылып жатыр.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз – қызметі.