Атырауда имамдар ел амандығы үшін құрбан шалып, мұқтаждарға көмек көрсетті (+ ВИДЕО)

amin.kz/31 наурыз, 2020 жыл. Атырау облысының имамдары Алла разылығы үшін ірі қара малды құрбандыққа шалып, елді келген індеттен аман сақтауды тіледі.

«Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздегі барлық мешіттерге қайырымдылық шараларын жүзеге асыруды міндеттеген еді. Алла разылығы үшін оқып жатқан Құран аяттарымен бірге, біз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан бастау алған «Қайырымдылық керуені» жобасына үлес қосуды жөн көрдік.

Қазіргі күнде ауыр дертке шалдығып, өмір үшін күресіп жатқан бауырларымыз тезірек айығып, отбасыларына оралсын деп тілейміз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Алла жерімізді індеттен, пәле-жаладан аман сақтағай!» деп дұға етті Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Құрбан малының етімен бірге, күнделікті тұтынуға қажетті азық-түлік себеті мұқтаж отбасыларға «Ықыласты бауырлар» орталығы арқылы үлестірілді. Осылайша, барлығы 55 отбасына көмек көрсетілді.

Біз біргеміз!

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.