Карантин: Атырауда блок посттар орнатылды (+ ВИДЕО)

amin.kz/30 наурыз, 2020 жыл. 30 наурыз күні Атырауда ресми түрде карантин режимі енгізілді. 

Осыған байланысты Атырау облыстық бас санитарлық дәрігердің қаулысымен облыс орталығына  кіруге және шығуға шектеулер қойылды.

Сәйкесінше, Атырау-Астрахань-Қараөзек, Атырау-Орал-Алмалы, Атырау-Индер-Бесікті және Атырау-Доссор-Қарабатан бағыттарына тосқауыл бекеттері қойылды.

– Олар өз жұмыстарын 30 наурызға қараған түні бастады. Бас санитарлық дәрігердің нұсқауына байланысты, Атырау тұрғындары тұрғылықты жеріне 2 сәуір сағат 00:00-ге дейін жетулері тиіс.  2 сәуірден кейін бұл мүмкін болмайды, – деді Атырау облысы Полиция департаменті Жергілікті қызметі басқармасының бастығы Әлібек Қайыров.

Сондай-ақ, аймақта авто және теміржол  вокзалдары  өз жұмысын тоқтатты.  Ауданаралық, қалааралық және халықаралық рейстерге шектеу қойылды. 

Еске сала кетелік, қазіргі уақытта Атырауда он екі адам коронавирус дертіне шалдыққан.