Атырауда ауыл имамдарына арналған біліктілікті арттыру семинары өтуде. Семинарда Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы дәріс оқып жатыр.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен, мүфтиятқа қарасты барлық ауыл мешіттері имамдарының біліктілігін арттыру ұйымдастырылуда.
«Имамдарға Құран, фиқһ тақырыптары бойынша дәрістер ұйымдастырылуда. Сонымен бірге, имамдарды аттестациядан өткізу жолға қойылған. Ондағы мақсат мешіттерді білікті кадрлармен қамтамасыз ету» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Семинар 8 ақпан күні қорытындыланады.