Атырауда Әжелер академиясы құрбандық шалды

Атырауда Ораза Айттың құрметіне орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Әжелер академиясы құрбандық шалды.

Құрбандыққа шалынған сиыр малының еті әлеуметтік жағдайы төмен 40 отбасына таратылады.

«Аналарымыз ел амандығы үшін құрбандық шалды. Әрі Ораза Айттың құрметіне шалынған құрбандық әже, аналарымызың өз бастамасы болып отыр. Алла Тағала ауыр індеттен арылып, мамыражай өмірімізге оралуды нәсіп еткей» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.