Атырау: Айт мерекесі қалай есте қалды? (+ ФОТО, + ВИДЕО)

Атырау мешіттерінде Ораза Айт мерекесі кең көлемде аталып өтті.

Ораза Айт облыс мешіттерінде Айт намазын оқудан басталды.

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жұртшылықты орталық «Иманғали» мешітінде Айт мерекесімен құттықтап, уағыз айтты.

Бас имамның бастамасымен бұл күні Атырау облысы бойынша 3700 бүлдіршінге айттық сыйлықтар, мешітке келуші жамағатқа «Ислам таластыра ма, жарастыра ма?», «100 сұрақ» кітаптары тарту етілді.

Атырауда негізі қаланып жатқан қарилар орталығы қой малын құрбандыққа шалып, Бас имам ел амандығы үшін дұға жасады.

Сондай ақ, айт күні орталық «Иманғали» мешіті жанынан жұмыс істеп жатқан «Әжелер академиясы» мүшелері сиыр малын құрбандыққа шалып, мұқтаж 40 отбасына ет таратылды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.