Атырауда Әжелер мектебі сырқаттанып қалған анаға көрісе барды

Әжелер мектебінің өкілдерін Атырау облысы орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Арман Исаев бастап апарды.

Бибіфатима Жұмахметқызы – мешіттің тұрақты жамағаты, әрі мешіттің тәрбиелік бағытындағы шараларына атсалысып жүрген белсенді ана.

«Біз әжейге көрісе барып, хал-жағдайын біліп келдік. Көрісу – керемет мереке. Әрі сырқат адамның саулығын сұрап, көңілін білу – сауапты іс. Бір өзі бір мектепке татитын әжелеріміздің өмір жолы жас ұрпаққа өнеге болуы керек. «Қарты бардың қазынасы бар» деген сөздің астары да тереңде жатыр» дейді орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Арман Исаев.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.