Атырауға белгілі ғалым Әбдімүтәлі Қайназарұлы келді

Атырауға республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшесі, мүшесі, Ақтөбе медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәлі Қайназарұлы сапармен келді.

Сапар аясында ұстаз Әбдімүтәлі Қайназарұлы орталық «Иманғали» мешітінде жамағатпен кездесіп, «Ислам – бейбітшілік діні» тақырыбында уағыз айтты.

«Ислам – бейбіт дін. Әр мұсылман баласы Құранды, Пайғамбар (с.ғ.с) өсиетін, көркем мінезді мақсат етіп, ұстанатын болса, кемел адамның бейнесі дегеніміз осы» деп атап өтті ұстаз Әбдімүтәлі Қайназарұлы.

РАНТ мүшесі Әбдімүтәлі Қайназарұлының сапары екі күнге жалғасады. Сапар аясында ұстаз Мақат, Жылыой аудандарында және қала мешіттері мен түзету мекемелерінде кездесу өткізеді деп жоспарлануда.