Атырауда бір жылда 8 мешіт күрделі жөндеуден өтті

Атырау облысында бір жыл ішінде 8 мешіт күрделі жөндеуден өтіп, 6 мешітке ағымдағы жөндеу жасалды.

Жаңарған мешіттер қатарында Қажымұқан Мұңайтпасов мешіті, «Мәулімберген» мешіті, Жылыой мұсылмандар мешіті, «Қапан қажы» мешіті, Тұрғызба ауылдық мешіті, Нұрқас Сатыбалды мешіттері бар.

Еске сала кетелік, биыл облыста 3 мешіт ашылды. Қазіргі таңда облыстағы мешіттер саны 36-ға жетті.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.