Атырауда бірқатар кәсіпорын халал сертификатын иеленді

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы және ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің директоры Айбек Асқарбекұлы Атыраудағы халал сертификатын иемденген кәсіпорындарға сертификат табыстады.

Облыстық «Иманғали» орталық мешітінде «Coffee River» тамақтану орны, «Алиф» кондитерлік өнімдері және «Мирас» жартылай дайын фабрикаттар өнімдеріне «QMDB Halal» сертификатына берілді.

Аталмыш сертификатқа сәйкес, кәсіпорындар халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар СТ 96090-1-2021 стандартына сай екендігі расталып отыр.