amin.kz/25 қыркүйек, 2020 жыл. Атырау облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Діни оңалту» бөлімінің меңгерушісі Қанат Алшынбаев деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерді оңалту тақырыбындағы семинарын жалғастырды.
Семинардың екінші бөліміне Атырау облысына қарасты Қызылқоға, Мақат, Махамбет, Индер, Исатай, Жылыой және Құрманғазы аудандық мешіттерінің бас имамдары және “Шапағат” деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығының теологтары қатысты.
Семинар барысында жеке кездесулер өткізу, жамағатқа насихат айтудың әдістері, жалпы, оңалту бағытында назар аудару қажет маңызды механизмдер талқыланды.
Семинар соңында дін мамандары өзекті сауалдар бойынша жауап алды.
Еске сала кетелік, ағымдағы жылдың наурыз айында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан діни оңалту бөлімі ашылып, жұмысын бастады.
Ал, аталмыш семинар орталық «Иманғали» мешіті және “Шапағат” деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығының бірлескен жоспары негізінде өтті.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.