Сафи Өтебаев Атырау мұнай және газ университетінде студенттермен кездесу өтіп, шараға Атырау облысының Бас имамы, «Жәрдем – Атырау» корпоративтік қорының теологы Алтынбек Ұтысханұлы мен теолог Ербол Жаулин қатысты.
Кездесу барысында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жастарды тарихты білуге, рухани қуатты болуға шақырды.
«Әр адам – өзінің ұлтынан тамыр алады. Демек, сіздер мен біздер тарихын білетін, ақ пен қараны ажырата алатын, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ болуға міндеттіміз. Елдің болашағын білімді ұрпақ жасайды. Қазір «оқимын» деген адамға мүмкіндік көп. Білім алып, бәсекеге қабілетті маман болу үшін де көп іздену керек. Және әр адам өзінің ішкі жан дүниесінің тәрбиесіне көп көңіл бөлуі керек. Себебі, «Тәрбиесіз берілген білім – қоғамның қас жауы» деген сөзді Әл-Фараби бабамыз тектен-тек айтпаған» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.