Атырауда дін қызметкерлері «Қарттар үйіне» барды

Республика күні – ұлттық мерекесіне орай, Атырауда мешіт имамдары «Қарттар үйіне» барды.

Халық арасында «Қарттар үйі» аталып кеткен Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасының №4 арнаулы əлеуметтік қызметтер көрсету орталығын қазіргі уақытта 109 адам мекен етуде.

Қарияларды Республика күнімен құттықтаған имамдар, қарттармен әңгімелесіп, тәтті торттарды сыйға тартты.