Атырауда дін қызметкерлерінің біліктілігін арттыру дәрісі басталды

Атырауда дін қызметкерлері үшін оқыту дәрісі басталды.

Онлайн форматта өтіп жатқан дәріске қала, аудан және ауыл имамдары қатысуда.

«Онда негізінен діни мәселелерге қатысты сұрақтарға байланысты сабақ берілуде. Зум арқылы өтіп жатқан дәрісте фиқһ, ақида, сира мәселелері талқылануда» дейді орталық «Иманғали» мешітінің ұстазы Ерболат Боханов.

Еске сала кетелік, облыстың дін қызметкерлерінің біліктілігін арттыру дәрісін Атырау қалалық Құспан молла мешітінің наиб имамы Айдын Серікбаев, Жұлдыз елдімекеніндегі Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінің имамы Айтжан Абдиров ұстаздық етуде.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі.