Атырау облысының Бас имамы Алтынбек қажы Ұтысханұлының тапсырмасына орай, өңірімізге қарасты мешіттер мен діни заттар сататын дүкендердегі кітаптарды тексеру жұмыстары өз жалғасын табуда.
Жылыой ауданы орталық “Мұсылмандар мешіті” , “Тұрғызба” ауылдық мешіті және діни заттар сататын дүкен тексерістен өтті.
Атырау облысы бойынша діни сараптама бағытына жауапты имам Муслимов Қанағаттың айтуынша, бұл жердегі негізгі мақсат – көпшілік оқырман қауымға арналған еңбектердің Ханафи мәзһабы, Матуриди сенім мектебіне сай екендігін қадағалау, сондай-ақ халық арасында дәстүрімізге жат ағымдарды насихаттайтын діни кітаптардың таралуына жол бермеу болып табылады.