Атырауда Ережеп айының құрметіне қайырымдылық шарасы өтті

Атырауда Ережеп айының құрметіне орталық «Иманғали» мешітінде қайырымдылық шарасы өтіп, 50 отбасына ет таратылды.

Шара аясында Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Арман Исаев насихат айтты.

«Берілетін садақаның үлкен-кішісі болмайды. Не берілседе ықыласпен Алла разылығы үшін берілуі қажет. «Оң қолың бергенді сол қолың көрмесін» хадисіне сәйкес берілген садақа мен жасалған жақсылықты жасырын жасау ең абзал амалдың бірі» деді наиб имам Арман Исаев.