Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінде ХІ республикалық Құранды жатқа және мәнерлеп оқу сайысының Қайрош қажы Қуанұлының рухына арналған облыстық Құран жарысының іріктеу кезеңі өтуде.
Сайысқа қала, аудан, ауылдардан барлығы 17 үміткер қатысып, бақ сынауда. Олар қасиетті Құран-Кәрімнің 30, 20, 10 парасын жатқа және мәнерлеп оқу бойынша білімдерін сынға салып жатыр.
Құран сайысына Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы бастаған облыстың білікті ұстаздары қазылық етуде.
Еске сала кетелік, қатысушыларға қойылған басты талап – Құранды тәджуид ережесіне сай, қырағатымен мәнерлеп жеткізу .
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.