Атырауда «Ихсан» мешітінде әйелдерге арналған семинар өтті.
Семинарға ұстаз Наркес Боханов арнайы келіп, әйелдерге насихат айтты.
«Мұсылман әйел бейнесі», «Салиқалы әйел сипаты», «Жас ұрпақ тәрбиесі», «Отбасындағы үйлесім» тақырыптарында насихат айтқан Наркес Боханов қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Шара аясында қатысушылар арасында психологиялық сауалдарға негізделген ойындар өтті.