Атырауда «Ихсан» мешітінде Құран жарысы өтті

Атырауда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйел-қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен, әйел жамағаты арасында Құран жарысы өтті.

Отыз үміткер бақ сынасқан бәйгеде қатысушылар «Фил – Нас» сүрелеріне дейін, «Духа» сүресіне дейін сүрелерді жатқа айтты.

Рухани бәсекеде  «Духа» сүресіне дейін сүрені жатқа айтудан бас жүлдені Фариза Амангелдіқызы жеңіп алды.


Бірінші орынды Бағила Амангелдиева, екінші орынды Жібек Бекарыстан, үшінші орынды Айнұр Ихсанова иеленді.
«Фил-Нас» аралығындағы сүрелері жатқа оқудан Нұршат Ноғаева бірінші орын алып, жеңіске жетті.
Екінші, үшінші орындарды Жұлдыз Меңдіжанова мен Айдана Есенова иеленді.

Ынталандыру сыйлығы Самал Еділова мен Айдана Төлегеноваға берілді. Жеңімпаздардың барлығы қаржылай сертификаттармен марапатталды.