Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының төрағалығымен өңір имамдарының 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау жиыны өтті.
Облыстың бас имамы жуырда Астана қаласында өткен ҚМДБ-ның 2024 жылға арналған жылдық жұмыс жоспарына байланысты Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасында бекіткен тапсырмаларын қала, аудан имамдарына кеңінен таныстырып, нақты тапсырмалар берді.
«Биылғы жылды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Ислам және дәстүрлі құндылықтар» жылы деп бағдарламалық баяндамасында жариялады. Осы жыл аясында дін мен дәстүр, ізгі қоғам, ихсан және насихат, діни оқу ағарту, жат діни ағымдардан сақтандыру бағыттары бойынша жұмыстар жүргізілетін болады» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Жиын соңында 2023 жылы белсенді жұмыс атқарған имамдар Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатымен марапатталды.