Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының төрағалығымен 8 айда атқарылған жұмыстар мен алдағы айтулы шараларға арналған жиын өтті.
Жиын қасиетті Құран оқумен басталды. Күн тәртібінде тұрған негізгі мәселелер қозғалды. ҚМДБ бекіткен 5 негізгі бағыт, мәуліт мерекесін жоғары деңгейде ұйымдастыру, мешіт пен сауат ашу орталықтарының тынысы, кадр тарту мәселесі қозғалды.
Арнайы жұмыс жоспарына жауапты мамандар 8 ай бойы атқарылған жұмыстардың есебін берді.
«Бүгін Алланың қалауымен облыс имамдарының басын қосып, осы уақытқа дейін жасалған жұмыстарды пысықтап жатырмыз.
Кемшін тұстарының орын толтырып, жыл соңына дейін жасалуы керек жұмыстарды талқыладық. Мерекелі Мәуліт айын жоғары деңгейде ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.
Сондай ақ мешіттердің ішкі тәртібі, тазалық, діни оңалту жұмыстарын жандандыруды қолға алудамыз» деп атап өтті Алтынбек Ұтысханұлы.
Жиын соңында қала және аудан имамдарына нақты тапсырмалар жүктелді.