Атырауда имамдар арасында жиын өтті

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының төрағалығымен өткен жиында жазғы сауат ашу лагері, Құрбан айтқа дайындық, мешіттердегі өзге де ұйымдастырушылық мәселелері талқыланды.

Қала, аудан имамдарының қатысуымен өткен мәжілісте сондай ақ, Рамазан айындағы жұмыстар қорытындыланды.

«Алда жаз мезгілі келе жатыр. Бұл кезеңде мешіттерде «Жазғы сауат ашу лагері» ұйымдастырылатыны белгілі. 2-2,5 ай уақытқа созылатын лагерьде нәтижелі сабақ беру қажет. Сондықтан, оқу жоспарын, лагерь аясында ұйымдастырылатын іс-шаралар легін сараптап, бекітуге ұсынуларыңыз қажет. Одан бөлек, қоғам тыныштығы, жамағат бірлігі, жат идеологиядан сақтануға бағытталған ағартушылық шараларды көбейтуіміз қажет. Осы ретте, әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануды ұсынамын» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.