Атырауда облыс, қала, аудан имамдарының қатысуымен волейболдан турнир өтті.
Жолдастық кездесу аясында бірнеше командаға бөлініп, өзара бақ сынасқан дін қызметкерлері қызықты ойын өрнегін көрсетті.
«Жолдастық кездесу өткізудің мақсаты – командалық рухты көтеру, әрі салауатты өмір салтын насихаттау. Денсаулық – адамға берілген аманаттардың бірі. Қазақ халқы «Тәні саудың – жаны сау» деп те, тегін айтпаған. Осындай спорттық шаралар ұйымдастыру арқылы да жолдастық, достық қасиеттерді нығайтуға болады» деді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Еске сала кетелік, бұған дейін орталық «Иманғали» мешітінде облыс имамдарының жылдық жұмыс есебін бергенін хабарлаған болатынбыз.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.