Атырауда орталық мешіттің қызметкерлері марапатталды (+ ФОТО)

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы «Иманғали» орталық мешіті қызметкерлеріне алғыс білдірді.

«Жыл бойы атқарылған жұмыстарды жоғары деңгейде өткізіп, Алланың разылығы үшін қызмет еткендеріңізге рақмет айтамын. Алдағы жұмыстарымызды ұжым болып ұйымшылдықпен атқара берейік» деп сенім білдірді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Марапатталғандар қатарында ҚМДБ бекіткен жеті бағыт бойынша жауапты қызметкерлер мен аудан мешіттерінің кураторлары бар.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.