Атырауда имамдар аттестацияны сәтті тапсырып шықты.
Екі күнге созылған аттестация кезінде барлығы 92 дін маманы сынақ тапсырды. Сынақ нәтижелері бойынша 12 имамды басқа қызметке тағайындау туралы ұсыныс берілді.
Еске сала кетелік, 11-12 қараша күндері Атырауда имамдар аттестациядан өтті. Сынақ тапсыру шарасына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров арнайы қатысты.
Имамдар екі күн бойы шариғат негіздері және ҚМДБ қабылдаған бірнеше концептуалдық құжаттар бойынша сынақ тапсырды.
Алғашқы кезең тестілеу жүйесі бойынша өткен еді. Тест сұрақтары негізінен ақида, фиһқ, Ислам тарихы, әкімшілік жүйе (заң) тақырыптары бойынша топтастырылды.
Екінші кезеңде ауызша сұрақ-жауап бойынша сынақ өтіп жатыр. Бұл кезеңде имамдар қырағат, тәжуид, хадис, дін мен дәстүр және ҚМДБ бекіткен коцептуалды құжаттар бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, білімдерін саралады.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі