Атырауда имамдар мен еріктілер зираттарды тазалады

Атырау қаласында ҚМДБ Қамқор-Шарапат орталығы өкілдерінің ұйымдастыруымен “Өткенге құрмет – тіріге міндет” атты акция өтті. Шара аясында жергілікті имамдар мен еріктілер қала маңындағы зираттар аумағын тазалап, қоршаған ортаны абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Игі бастама мұсылман зираттарына құрметпен қарауды насихаттап, рухани тәрбие мен қоғамдық белсенділікті қатар ұштастыруды көздейді.

– Өліге құрмет – тірінің міндеті. Бұл – дініміз бен дәстүрімізге сай амал. Осындай шаралар арқылы жастарды сауапты іске жұмылдыру – басты мақсатымыз, – деді ұйымдастырушылар.

Шара соңында қатысушылар аруақтарға Құран бағыштап, сауапты істің жалғасын табуына тілектестік білдірді.