Атырауда имамдар жат ағыммен күрес, діни кадрмен қамтамасыз ету мәселесін талқылады (+ ФОТО)

Бүгін Атырауда облыс, қала, аудан және ауыл имамдарының онлайн жиыны өтті.

Жиында карантин жағдайындағы Рамазан, мешіттердегі санитарлық талаптардың қатаң сақталуы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен 7 негізгі жұмыс бағыты талқыланып, аталған мәселелер бойынша тапсырмалар берілді.

«Алдағы бес-жеті жылда Атырау облысында 25 мешіт салу жоспарда екенін білесіздер. Мешіттердің құжаттары, салынатын орындары осы бастан нақтыланып, реттеле беруі қажет. Құлшылық үйлері негізінен мешіті жоқ ауылдарда тұрғызылады. Бұл бастама діни ахуалдың жақсаруына оң ықпал ететін болады.

Салынатын мешіттерге сауатты діни кадрлар керек. Сондықтан, колледж, университеттерге түсетін шәкірттер дайындау, диплом алып, облысқа келетін жас мамандарға әлеуметтік жағдай жасау бойынша да жұмыстар керек» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.