Атырауда Береке ықшамауданындағы «Иман» мешітінің таһаратханасы ағымдағы жөндеуден өтіп, қолданысқа берілді.
Мешіт имамы Ерлан Мұратұлының айтуынша мешіттің тазалыққа мән беру мұсылманның басты міндеті. «Сондықтан, жамағатқа ыңғайлы жағдай жасап, мешітке келушілерге тахаратхананың заманауи үлгіде жасап жатырмыз, – деді Ерлан Мұратұлы.
Еске сала кетелік, «Иман» мешіті өткен жылы қолданысқа берілді. 300 орындық мешітте Құран оқитын бөлме, намаз залы, неке қию бөлмесі, бас имам бөлмесі, наиб имамдар бөлмесі, қызметтік асхана бар.