Атырауға Шымкент қаласынан имам Сапарғали Әбдуәлиұлы келді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен жоба – имамдардың тәжірибе алмасу жобасы аясында Атырау қаласына Шымкент қаласы «Әкбар Қажы Шәкірбай» мешітінің имамы Сапарғали Әбдуәлиұлы іс-сапармен келді.

Сапар аясында Сапарғали Әбдуәлиұлы Атырау қаласындағы орталық «Иманғали» мешітінде болып, мешіттің ішкі тыныс-тіршілігімен танысты. Және бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан орталық мешіт жанындағы медиа студияның жұмысын көрді. Сондай-ақ, мешіттер жанынан жұмыс істеп жатқан жазғы сауат ашу лагерьлерін ұйымдастыру, ондағы оқу бағдарламаларымен танысты.

Сондай ақ, облыс орталығындағы бірқатар мешіттерде болып, жамағатқа қоғам тұтастығы, бірлік тақырыптарында насихат айтты.