Атырауда Бақтыгерей молла мешіті жазғы лагерьді қорытындылады

Атырау қаласындағы Бақтыгерей молла мешітінде ұйымдастырылған жазғы сауат ашу лагерін 53 ер бала сәтті аяқтады.

Жазғы лагерьдің аяқталуына орай, шәкірттерге салтанатты жағдайда сертификаттар тапсырылды.

«Иманды ұрпақ – ел болашағы» ұранымен өткен жазғы лагерьде шәкірттерге діни бағыттағы әліпбимен бірге, обал-сауап, адамгершілік, кісілік келбет тақырыптарында да насихат айтылды. Бір ай бойы шәкірттерге жергілікті мешіттер ұстаздары дәріс берді.