Қасиетті Рамазан айының құрметіне Атырауда «Иман – жанның тазалығы» атты рухани кеш өтті. Кешке Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы қатысып, клуб мүшелерін Рамазан айымен құттықтады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйел-қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен жұмысын бастаған “IQRO” оқырман ханымдар клубы мүшелері оқыған рухани кітаптарын талқылап, кеш одан әрі сұрақ-жауап форматында жалғасты.
«Рухани кештің мақсаты – әр жастардың жүрегіне иман нұрын ұялату, әрбір ұрпақтың рухани сезімін ояту. Және жас буын арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру» дейді іс-шараны ұйымдастырушы Бақыт Амантайқызы.
Қазіргі уақытта “IQRO” кітап сүйер қауым ханымдар клубының құрамында 50-ге жуық қыз-келіншектер бар.