Атырауда орыс ұлтының өкілі ислам дінін қабылдады

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Гавриш Александр есімді орыс ұлтының өкілі ислам дінін қабылдады.

Мұсылмандықты қабылдаған Александрға Атырау қаласындағы «Ихсан» мешітінің имамы Қанат Мұратұлы кәлима сөздерін айтқызып, исламның негізгі парыздары мен иман шарттарын түсіндірді. Сондай-ақ, muftyat.kz, amin.kz сынды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты сенімді ақпарат көздерінен діни ақпарат алу керектігі жөнінде кеңес берді.

Мейманға мүфтият баспасынан жарық көрген «Ихсан основа духовного воспитания» кітабы табысталды.