Атырауда «Иман жастары» орталық мешітте тазалық жүргізді

Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің ұжымы және «Иман жастары» еріктілері ұйымдастырған тазалық жұмыстары кезінде мешіттің ауласы, қосалқы ғимараттар толықтай тазартылды.

«Тазалық – иманнан» деген бар. Мешіт – жер бетіндегі қасиетті орын. Оның тазалық жағдайы – барша мұсылманға сын. Осындай тазалық жұмыстары қаламыздың барлық мешіттерінде, аудан, ауыл мешіттерінде де жүргізіліп жатыр» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.