Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Рамазан сыйы» жобасы аясында «Иманғали» орталық мешіті «Зерде» тіс емханасымен келісімге отырды.
Әлеуметтік жағдайы төмен отбасы мүшелері Рамазан құрметіне «Зерде» емханасында тегін стоматологиялық көмек ала алады.
«Мақсатымыз – Рамазанның қадір-қасиетін ұғындыру. Рамазан – ізгіліктің айы. Рамазан шарапатын барлық адамдар сезінуі керек» дейді облыстың Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Аталған жобаның алғашқы сертификаты ІІ топ мүгедегі Айгүл Нұғмановаға берілді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.